Конференция туралы
Білім берудегі шахмат: халықаралық тәжірибеден жүйелі шешімдерге дейін
2026 жылғы 12–13 қарашада Алматы қаласында «Білім берудегі шахмат» IV халықаралық конференциясы өтеді. Конференция заманауи білім беру жүйесіндегі шахматтың рөлін талқылауға арналған кәсіби алаң болады.
Іс-шараға халықаралық шахмат федерацияларының, мемлекеттік органдардың, университеттердің, білім беру ұйымдарының өкілдері, педагогтер, зерттеушілер және цифрлық білім беру шешімдерін әзірлеушілер қатысады.
Қатысушылар шахматты мектепте және жоғары білім беру жүйесінде енгізудің табысты тәжірибелерімен бөлісіп, оқытудың заманауи әдістемелерін, педагогтерді даярлау тәсілдерін және білім беру үдерісіндегі технологиялардың мүмкіндіктерін талқылайды.
Қазақстанның шахматты мектептерге жүйелі түрде енгізу тәжірибесіне, халықаралық ынтымақтастыққа және шахматтық білім берудің өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамытудағы рөліне ерекше назар аударылады.
Конференцияның мақсаттары
- Қазақстан шахмат федерациясының табысты тәжірибесін және шахматты білім беру жүйесіне енгізудің халықаралық озық үлгілерін таныстыру.
- Шахматтық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
- Шахматты оқыту әдістемелерімен және педагогтерді даярлау тәжірибесімен алмасу.
- Шахматтық білім беруге арналған цифрлық өнімдер мен IT-шешімдерді таныстыру.
- Шахматты балалар мен жастардың логикалық ойлауын, зейінін және шығармашылық қабілеттерін дамыту құралы ретінде насихаттау.